3.11.2023. Спорт саласының жанашыры болғандықтан депутат Қасқарауовтың атына осы мәселеге байланысты көптеген арыздар келіп жатады. Сондай арыздардың бірі, Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Республикалық спорт колледжі" РМҚК-нің бір топ мұғалімдерінен келіп түсті. Мәселеге бей жәй қарай алмағандықтан, депутат Республикалық спорт колледжінің басшылары және мұғалімдерімен кездесті.
Директордың міндетін атқарушы Нұрбол Садықов білім ошағында болып жатқан мән-жайды толық түсіндіріп берді. Атап айтқанда, колледждегі бірқатар ұстаздар мен ата-аналар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлдария Молдаханованың жұмыстан босатылуына қарсы екен. Оны жақтаушылар ол кісінің негізсіз жұмыстан қуылып жатқанын айтып, әлеуметтік желі арқылы маған жанайқайларын жеткізген болатын. Колледж басшылығының сөзінше, Гүлдария Молдахановамен еңбек шарты тек бір жылға жасалған екен. Келісім-шарт мерзімі биыл 1-қарашада аяқталған. Сондықтан оны ұзарту немесе ұзартпау тек құзырлыорган - Спорт және дене шынықтыру істері комитеттің құзырында - дейді Нұрбол Садықов.
Десе де, айрандай ұйыған ұжымды екіге жарып, ұстаздар арасында алауыздық болмас үшін, бұл мәселе заң шеңберінде шешілуі керек. Егер директордың орынбасары өзін заңсыз жұмыстан шығарды деп есептесе, Еңбек инспекциясы, прокуратура, сотқа шағымданып, өз құқығын қорғай алады. Мәжіліс депутаты әрі спорт жанашыры ретінде оқу ордасындағы бұл еңбек дауын өз бақылауыма аламын.
3.11.2023. В адрес депутата Каскарауова Данияра поступают очень много заявлении по вопросу спорта. Одно из таких заявлений поступило от группы учителей РГКП "Республиканский спортивный колледж" Комитета по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан расположенный в городе Алматы. В связи с этим, депутат встретился с руководителями и учителями Республиканского спортивного колледжа.
И.о. директора Нурбол Садыков подробно объяснил происходящее в образовательном учреждении. В частности, ряд педагогов и родителей колледжа выступают против увольнения заместителя директора по учебной работе Гульдарьи Молдахановой. Ее сторонники сообщали мне через социальные сети, что ее безосновательно выгоняют с работы. Но по словам руководства колледжа, трудовой договор с Гульдарьей Молдахановой заключен только на один год. Срок действия контракта истек 1 ноября текущего года. Вопрос продления, решает компетентный орган - Комитета по делам спорта и физической культуры - говорит Нурбол Садыков.
Тем не менее, этот вопрос должен быть решен в рамках закона, чтобы не было раскола между учителями. Если заместитель директора считает себя незаконно уволенным, он может защитить свои права, обратившись в трудовую инспекцию, прокуратуру или же в суд. Как депутат Мажилиса и сторонник спорта, депутат взял на контроль этот трудовой спор в учебном заведении.