Күні кеше ғана Алматы қаласында орналасқан "Республикалық спорт колледжі" РМҚК-нің бір топ мұғалімдерінен - Парламенті Мәжілісінің депутаты, менің әріптесім Константин Викторович Авершинмен менің атыма бағытталған арыз келіп түсті. Ондағы, ұстаздар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлдария Молдаханованың негізсіз жұмыстан қуылып жатқаны жөнінде айтқан. Колледж басшысы Нұрбол Садықовпен және ұжымымен кездесу өткізгенімде, орынбасарының еңбек шартының біткенін алға тартып, мәселені шешу Спорт және дене шынықтыру істері комитеттің құзырында десе, ұжымдағы жақтаушылар заңсыз деген уәж айтуда.
Мәселеге бей жәй қарай алмағандықтан, Константин Викторович екеуміз ақылдасып шешуге бел будық. Ол Алматы қаласында танымал кәсіпкер және қоғам қайраткері. Көптеген жылдар бойы қала мен республика шеңберінде маңызды іс-шаралар өткізу үшін қала тұрғындарын оң жұмылдыруға, жастарды патриоттық тәрбиелеуге, халықтың тұрмысы төмен топтарына көмек көрсетуге бағытталған акцияларды ұйымдастырумен айналысқан. «Құрмет» пен «Экономика мақтанышы» ордендерінің иегері. Президенттің алғысына ие болып жүрген әріптесім екеуіміз ұжымды екіге жарып, ұстаздар арасында алауыздық болмас үшін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне арызда көрсетілген барлық дәлелдерді өз құзыреттері шеңберінде зерделеу үшін хат жаздық. Ал істің әділ және заң аясында шешілуі қажеттігін өз бақылауымызға алатын боламыз.