3.11.2023. Бүгін депутат Данияр Алдабергенұлы Қасқарауов Алматыдағы Шаңырақ шағын ауданында орналасқан спорт мектебін аралады. Небәрі 15 жыл бұрын ғана салынған ғимарат тозып кеткен екен. Әсіресе оқушылар жататын жатқхананың жағдайы сын көтермейді. Сылақтары түсіп, есіктері сынып, іші күңгірт тартып тұр. Жиһаздары тоз-тоз болған. Ұстаздар қауымы жылда өз күшімізбен сылап-сипап, жыртығын жамап қоямыз дейді. Бірақ күрделі жөндеу, ескірген жиһаздарын жаңартуға мүлде қаржы бөлінбепті.
Бұл ғимарат әу баста сапасыз салынған сияқты. Ауласы жайнап тұрғанымен, жатақхана іші нашар. Мұндай жерде жаттығу жасап, жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес. Ең қызығы спорт мектепте күреспен айналысатындарға татами жоқ. Қазіргі боз кілемді федерациядан уақытша сұрап алыпты. «Етікші етікке жарымайдының» - кебін киіп отыр. Болашақ чемпиондарды тәрбиелеп жатқан білім ордасына көңіл бөліну керек. Жаманын жасырып, жақсысын асырып жүре берсек жетістікке жетпейміз. Кемшілікті көзге шұқып айтатын уақыт жетті. Спорт саласынан жоғары нәтижеге жетеміз десек ең алдымен осындай мамандандырылған мектептерден бастауымыз керек.