Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Олимпиадалық даярлық орталығы

Депутаттың бүгінгі кездесуінің бірі Алматы облысындағы олимпиадалық даярлық орталығының құрылысында өтті. Бұл кешен ТМД-дағы ең ірі спорт нысаны болып саналады. Себебі халықаралық стандарттарға сай салынып жатқан орталықта жиырмадан астам олимпиадалық спорт түрлері бойынша шәкірт тәрбиеленеді. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жаңа жылға дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Мұнда ауыр атлетика, жекпе-жек залы, мұз айдыны, бассейн, медициналық орталық, қонақ үй сияқты инфрақұрылымның бәрі қарастырылған.

40 гектар аумақты алып жатқан кешендегі барлық жаттығу залдары заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етіліпті. Бір сөзбен айтқанда спортшылардың алаңсыз жаттығу жасауына барлық жағдай жасалған. Осындай жерде дайындықтан өткен спортшының төмен нәтиже көрсетуі мүмкін емес. Олимпиадалық даярлық орталығында бір мезетте 2300 адам жаттығу жасай алады екен. Алайда, спорт мамандары залдарды спортшыға толтыра аламыз ба деген күдігі барын да жасырған жоқ. Ондаған жылға созылған алып құрылысты шетелдік бірнеше компания салып жатыр екен.

Күзетшіден бастап сантехниктеріне дейін Албания, Косоводан әкелген. Олардың жергілікті жұмысшыларға қарағанда көбірек еңбекақы алатыны да айтылды. Кейбір қиын мамандықтар болмаса, құрылыс жасау Қазақстан азаматтарының да қолынан келер еді. Елдегі жұмыссыздықты жою үшін, алдағы уақытта осындай үлкен жобаларға отандық компаниялар мен өз азаматтарымызды жұмысқа тарту керек деп ойлаймын.