11.11.2023. Депутат Д.Қасқарауов Алматы облысы Талғар ауданындағы спорт нысандарын аралап шықты. Ол Тұздыбастау ауылында жақында ғана ашылған, спорт шебері, грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы Қанат Жақсылықов атындағы «Qanat» спорт кешені мен А.Кивилев атындағы велоспорттан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде аралап көрді.
Мұнда жастарға спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған екен. Сондай-ақ «Sultan» күрес мектебі мен «Ақ-бұлақ» демалыс орталығында өтіп жатқан таэквондодан жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық біріншілікке қатысты. Кездесу барысында депутат «Спорт жұлдыздары» журналын басқарып, қазақ спортшыларын дәріптеп жүрген азамат, аудандық бұқаралық-спорттық іс шараларды өткізу орталығының жетекшісі, Талғар ауданындағы спорт саласын дамытуға үлес қосып жүрген Жандос Аянбекұлын арнайы құттықтап, қызметіне табыс тіледі.