Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Алқа отырысы

15.02.2024. Алқа отырысы. Бүгін ҚР Туризм және спорт минстрлігі ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т.Б.Дүйсенованың төрағалығымен кезекті алқа отырысын өткізді. Алқа мәжілісінде дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2023 жылғы қызметі мен 2024 жылға қойылған негізгі міндеттері талқыланды. Отырыстың модераторы - ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев, 2023 жылғы жасалған жұмыстарды қорытындылап, 2024 жылғы басым міндеттер туралы  баяндама жасады. Сонымен бірге спорт саласына түбегейлі өзгерістер қажет екеніне баса назар аударып, саланың стратегиялық дамуының басым бағыттарын белгілеп берді. Алқа отырысында аймақтардағы спорт саласының басшылары сөз алса. Отырысты қорытындылаған Тамара Дүйсенова, «Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бұқаралық спортты дамытудың тиімді құралы мектеп жасынан егде жасқа дейінгі спорт лигаларын дамыту, оның ішінде жарыс алдында тікелей спорт командаларын құрудан тұрақты жұмыс істейтін командаларға көшу қажет» екенін айта отырып, дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамытуда жаңа тәсілдерді талап ететініне тоқталды.