Ағымдағы жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі ғимаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, кесте бойынша, азаматтармен кезекті қабылдау өткізілді. Бүгінгі қабылдауға келген Т.Алдамжаровтың мәселесін тыңдап, дәрігерлерге қаралуға байланысты көмек көрсетілді. Одан өзге, Маңғыстаудан келген бір топ кәсіпкерлердің мәселесі тыңдалды. Ол азаматтар Мәжілісте қаралып жатқан «Кәсіптік одақтар туралы» заңына кәсіподақтардың көрсеткен өзгерістерін жұмыс тобының ескеруін сұранып отыр.