25.05.2023. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттарының бейсенбі күнгі таңы «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысуына байланысты ұйымдастырылған көшпелі отырысынан басталды.
Аталған отырысқа, көшпелі отырыстың жетекшісі Әділ Орынбасарұлы Жұбанов бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары, Мәжіліс аппаратының қызметкерлері мен халықаралық қаржы орталығының басшылары қатысты.
АХҚО - бизнес-қоғамдастық пен қаржы институттарының ЕАЭО және Орталық Азия нарықтарына шығуына мүмкіндік беретін қаржы әлемінің бірегей орталығы болып табылады. Оның мақсаты, Қазақстан Республикасын жаңғырту және дамыту бағытын қолдау, елімізде бизнесті дамыту үшін ортаны одан әрі тартымды ету, компаниялардың өсуі үшін капитал тарту және оларды заманауи, сенімді және тиімді инвестициялық құралдармен қамтамасыз ету.
Жиын барысында АХҚО басқарушысы Р.Н. Бектуров, АХҚО сот және ХТО сот ісін жүргізу департаментінің басқарушы директоры А.Игенбаев пен АХҚО қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу комитетінің бас директоры Н.Көшімовтер депутаттарды ««Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі, АХҚО соты, Халықаралық төрелік орталығының және Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу комитетінің қызметтерімен таныстырды. Онымен қоса, бизнесті дамыту мен инвестицияларды тарту, орнықты және жасыл қаржыны дамыту сияқты орталықтың негізгі бағыттыры жайында айтылды.