Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Техникалық колледжде

5.10.2023. Бүгін Астана қаласы Техникалық колледжінде «Ұстаздар күні» мерекесіне арналған  «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік іс-шарасы болды. Әріптестерім Гүлдара Нұрымова,  Данабек Исабеков, Жарқынбек Амантайұлы мен мемлекет және қоғам қайраткері Динар Жүсіпәліқызымен бірігіп, бұл іс шараның құрметті қонағы болып, қатысып қайттық. Онда колледждің құзіреттілік орталығын, арнайы пәндер кабинеттерін аралап, колледж өмірімен танысып, арнайы мерекелік концертті тамашаладық. Колледж мінберінен студенттер мен мұғалімдерге «Ұстаздарға ұрпақ тәрбиелеу жолындағы абыройлы істеріңізге табыс тілейміз және де еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін» деген тілектерімізді айттық.