ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ
Әуез Атамқұл батырдың ұрпақтарына және «Қазақ тарихындағы батырлар институты және Атамқұл батыр» атты ғылыми-тәжірбиелік конференцияның ұйымдастырушыларына
Құрметті Әуез Атамқұл батыр бабамыздың ұрпақтары және Жамбыл ауданының барша жұртшылығы!
Сіздерді Атамқұл бабамыздың 200 жылдық мерейтойымен шын ықыласпен құттықтаймын!
Әуез-Қарасайдың баласы Атамқұл Кебекұлы, Суықтөбе баурайында дүниеге келіп, қазақты қоқан шапқыншылығының билігінен құтқару үшін қол бастап, азаттық жолында күрескен батыр - бабамыз.
Қожа Ахмед Яссауидің бір сөзі бар: «Диқан болсаң - қолыңа кетпен ал да халқыңа нан бер, ғалым болсаң - қолыңа қалам ал да халқыңа мән бер» - деген. Осы дана сөздерді Атамқұл бабамыздың аруағына бағыштасақ артық кетпегеніміз. Өйткені ол - ел үшін жаралған, халыққа шапағатын аямаған азамат болған.
Құрметті жерлестерім! Сонау ерте заманнан бері, біздің өлке сүйегі асыл, әрі дана азаматтарға бай, қасиетті мекен. Талай жылдар өткенменен, осынау тектілікті есінен шығармаған аудан жұртының, бабамыздың мерейтойын өткізуі – біз үшін айтулы оқиға. Сондықтан да, бабалар рухын әрдайым жоғары ұстанатын егеменді еліміздің барша жұртшылығына және Атамқұл бабамыздың көрнектілігін болашаққа жеткізу міндетін абыроймен атқарып жатқан Сіздердің әрбіріңізге, мықты денсаулық, күнделікті жұмыстарыңызға жетістік, абырой мен құт-береке тілеймін.
Құрметпен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов
Астана қаласы. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
11 қазан 2023 жыл