Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Тұздыбастау мен Байтерек ауылының пошта бөлімшелерінде

10.08.2023. Бүгін Алматы облысынан сайланған бірмандатты депутат Данияр Қасқарауов «Қазпошта» АҚ-ның Мемлекеттік қызметтер жөніндегі атқарушы директоры Дәулет Бекмановпен бірге Алматы облысындағы Тұздыбастау мен Байтерек ауылдарының пошта бөлімшелерін аралап, қызметкерлермен және жергілікті халықпен тілдесіп қайтты. Онда ауылдық пошта байланысы бөлімшелері жұмысының тұсаукесерлері өтті.

«Енді бір жапырақ анықтама қағазын алу үшін ауылдағы ағайынның аудан орталығына баруының қажеті жоқ. Шалғай ауылдардағы тұрғындар кейбір цифрлы құжаттарды «Қазпошта» бөлімшелерінен де рәсімдей алатын болады» – деді депутат.

Қазір қанатқақты жоба ретінде еліміздегі жүзден астам пошта бөлімшелерінде электронды үкімет жұмыс істей бастады. Әзірге қызметтің тек 27 түрі көрсетіледі. Болашақта олардың санын көбейту көзделген. Осы арқылы тұрғындардың шағын анықтама үшін аудан орталығындағы ХҚКО-ға баруы азаяды. Осы жылдың қыркүйек айында тағы да Қазпоштаның бір жүз бөлімшесінде бұл қызметтер іске қосылатын болады.

Жұмыс бар жерде, сын бар демекші. Еліміз бойынша екі мыңнан астам бөлімшесі бар мұндай мекеменің жұмысына сын айтушылар да аз емес. Бірақ, «осы жұмыстарды жүйелеп, болашақта Қазпоштаны заманауи деңгейге көтереміз» дейді жауапты басшылар. Курьерлік қызметтер көбейіп, бәсекелестік артқан заманда Қазпоштаның жұмысын дамыту қажет.

Image title


Image title