Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бақанас ауылындағы кездесу

Бүгін депутат Д. Қасқарауов шалғайда жатқан Балқаш ауданында болды. Бақанас ауылында тұрғындармен кездесіп, түйіткілді мәселелерді талқылады.

Тұрғындар ауылда жұмыстың жоқтығына байланысты, жастардың үдере көшіп жатқанын айтады. Оған себеп аз емес, мәселен кәсіп бастауға берілетін жеңілдетілген несие мөлшері тым аз. 2,5%-бен берілетін несиенің көлемі 1,3 млн. теңге екен. Тұрғындар мұндай қаражатқа кәсіп бастау мүмкін еместігін  айтады. Сондықтан олар ауылдық жерге көңіл бөліп, жастарды жұмыспен қамтудың қамын жасауды аманаттады.

Сондай-ақ депутат егіс алқаптарын суару үшін су тапшылығы, ауылға бірнеше жыл бұрын газ құбыры тартылғанымен, газ әлі келмеген, жол сапасының нашарлығы секілді әлеуметтік проблемалардың жетерлік екенін естіді.

Бұл мәселелерді, шешу үшін аудан басшылары барын салып жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Біраз мәселелерді депутат қойын дәптерге түртіп алып. Күзде Мәжіліс мінберінен жоғары жаққа жеткізетін айтты.

Бұған қоса, ауыл әкімдері электр бағаналарында күйіп кеткен шамдарды өз беттерінше ауыстыра алмайды екен. Себебі тендер қолбайлау. Көше жарығы жанбай қалса, шамды алу үшін тендер ойнатады екен. Ол кемінде 21 күнге созылады дейді жергілікті басқарушы орган өкілдері. Ал, халық қолдарыңнан шам ауыстыру келмейді деп әкімдерді жазғырады. Өзі сатып алып, сала салуға заң рұқсат бермейді. Соның кесірінен жұмысымыз баяу дейді бүгінгі кездесуге келген Балқаш ауданындағы ауыл әкімдері. Бұл өте өзекті мәселе. «Дамыған заманда мемлекеттік сатып алу конкурсына телміріп отыруға болмас. Сондықтан заңға өзгерістер енгізіп, мұндай ұсақ-түйек шаруаларды тез шешудің тетігін табуымыз керек» – дейді депутат.

Image titleImage title