Келес кездесу Ұзынағаш ауылындағы 1500 балаға арналып салынған су жаңа мектептің жұмысымен танысу болды. Бұл білім ошағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бой көтерген. Заманауи құралдармен жабдықталып, балалардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған. Алдағы екі жылда Жамбыл ауданында осындай 8 мектеп салу жоспарланған.