Бүгін депутат Қасқарауов Данияр Алдабергенұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі ретінде отырысқа қатысты.
Бұл Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында бастамашылық жасаған. Заң жобасындағы түзетулер «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған.
Мұндағы түзетулер шағын электр көлік құралдары, оның ішінде электросамокаттар, монодөңгелектер, гироскутерлер сияқты жаңадан шығып жатқан экологиялық көлік құралдарына бақылау жасау, құжаттар беру және заңнамалық тұрғыда регламенттеу үшін қажетті. Өйткені бұл көлік құралдарының өсуі жол жүрісіне қатысушыларғаға қауіп төндіруде.