Бүгін депутат Қасқарауов Данияр Алдабергенұлы «1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі ретінде отырысқа қатысты.
Шарттың мақсаты азаматтық және қылмыстық істер жөнінде өзара құқықтық көмек көрсетудің тәртібі мен шарттарын анықтау болып табылады. Жұмыс тобының барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық және адам құқықтары саласындағы жұмысты үйлестіру департаментінің директоры Алия Айтбекқызы Ехласова заң жобасын егжей тегжейлі түсіндіріп баяндама жасады. Отырыс барысында Данияр Алдабергенұлы шарттың 28-бабының неге алынып тасталғаны жөнінде сұрақ қойып, оған тиянақты жауап алды. Жұмыс тобының мүшелері заң жобасын қолдайтынын айтты.