Бүгін ҚР Парламенті VII шақырылым депутаттары бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасының алғашқы жұмысшы тобының отырысы бастады.
Жұмыс тобына Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас әскери прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық ұлан және Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика, Қорғаныс, Қаржы, Әділет министрліктері мен бірнеше осы салаға қатысты АҚ, ЖШС өкілдері кірген. Заң жобасында мемлекеттік авиацияда ұшу жұмысының біріңғай тәртібін белгілеу мен мемлекттік авиация саласындағы әртүрлі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын үйлестіру ұсынылып отыр.