Бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Аталған заң жобасымен «ҚР-ның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы», «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заңдарына өзгерістер енгізіледі.
Аталған отырыс барысында ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу мерзімін белгілі бір уақыт аралығын белгілеп, шектеу қоюдың дұрыс еместігі талқыға түсіп, сондықтан сол мәселе пысықтауға қалдырылды. Сонымен бірге, әскери өкілдіктердің мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінен тыс сатып алынған материалдық құндылықтарға бақылау жүргізуіне тиісті өзгерістер енгізу де депутаттар арасында қызу талқыланды.