Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Көшпелі отырыс

31 мамыр күні «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінде Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтың төрағалығымен Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық кеңсесі Басқарушы комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Іс-шараға менімен қатар, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, басқа да орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындары мен колледждердің басшылары, Ernst & Young компаниясы, «Атамекен» ҰКП, жұмыс берушілер қауымдастығының өкілдері қатысты.

Алтай Көлгінов - «Қазіргі уақытта еңбек нарығында проблемалар бар. Біріншісі – қолда бар кадрлардың сапасыздығы. Екіншісі – жұмыс берушілер білікті кадрларды алуға мүдделі, бірақ өздері оларды өндірумен айналысатын қызметкерлердің біліктіліImage titleгін арттыруға асықпайды. Үшіншісі – білім беру ұйымының түлектерінің білім деңгейінің төмендігі» деп қадап айтты. Яғни, оқыту, кәсіби кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелері қазіргі заманғы экономика мен адами капиталды дамыту үшін әрқашанда өзекті.

Бүгінгі отырыс, кәсіби кадрларды даярлау талаптарын қоюмен шектелмей, жұмыс беруші осы алаңның жұмысын ұйымдастыруға белсенді қатысуы арқылы әлеуметтік әріптестіктің жақсы деңгейін көрсеткенін байқауға болады», – деді Алтай Көлгінов.

Өз кезегінде Тамара Дүйсенова, ағымдағы жағдай мен негізгі проблемалары, Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту тәсілдері, Қазақстандағы ересек жастағы тұрғындардың үздіксіз білім алуға қатысуының төмендігі туралы айтты. Ересек жастағы тұрғындардың үздіксіз білім алуға қатысуы бізде 17%-ды құрағанын, ал ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 47%-ға жетеді, оның нәтижесі жұмыссыздық пен кедейліктің ұлғаюуы, кадрлардың ұдайы кетуіне және адами капитал әлеуетінің төмендеуіне әкелуі мүмкіндіктеріне тоқталды.

Министр Парламент Мәжілісінде «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасы қаралуда екенін, оның қабылдануы ҰБЖ дамыту жөніндегі нормаларды заңнамалық тұрғыдан бекітуге мүмкіндік беретінін айтты. Отырысты қорытындылай келе, Алтай Көлгінов депутаттардан «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасын қолдауларын сұрады.