Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқыладық. Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Е. Жамаубаев бүкіл әлем үшін қиын жыл болғанына қарамастан, макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу үрдісі бар, жыл қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3,3% құрады, бұл болжамды мәнге қарағанда жоғары көрсеткіш екенін айтты.
Онымен қоса, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова, бұл палатаның міндеті мемлекеттік органдардың әлсіз жақтарын көрсету оны түзету және алдын ала басқару шешімдерін талап ететін орталық екенін атап өтті.
Өз кезегінде Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ұласбек Сәдібеков өз баяндамасында 2022 жылдың қорытындысы бойынша Республикалық бюджеттің кірісі 16 трлн теңгені құрағанын немесе 2021 жылмен салыстырғанда 127,7% өсу қарқынымен 102% - ға орындалғанына тоқталды.
Депутаттар үкімет мүшелеріне бюджеттің орындалмау фактілері және тексеру қорытындылары бойынша анықталған басқа да кемшіліктер туралы сұрақтар қойды. Онымен қоса, 2022 жылға арналған республикалық бюджетті атқару кезіндегі негізгі кемшіліктердің ішінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану салдарынан жоспарлаудың төмен сапасын, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өзара іс-қимылының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен іс-қимылдардың сәйкестігін атап өтеді.
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов министрлер кабинетінің мүшелеріне Үкімет жыл сайын бюджет жоғары деңгейде игерілетінін хабарлайды. Ал игерілмеген қаржы қаншама. Бюджет 1 трлн теңгеге түзетілді. Мұның артында адамдардың тағдыры тұр, біз бұл туралы ұмытпауымыз керек, – деп қорытындылай келіп, регламентке сәйкес есептің Парламент палаталарының бірлескен отырысында өтетіндігін айтты.