Бүгін Мәжілісте «Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заң жобасының призмасы арқылы медиа саласының даму тенденциялары туралы» дөңгелек үстел отырысы өтті. Аталған жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, журналисттер, газет пен телеарналар және ақпараттық агенттіктердің басшылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов жетекшілік етті.
Бұл заң жобасының жаңа тұжырымдамалық негіздерін таныстыруға арналған отырыс болғандықтан, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов баяндама жасады.
Заң жобасы сөз бостандығы құқығын нығайтуға және қамтамасыз етуге бағытталған жаңа қағидаттар мен мемлекеттік кепілдіктерге негізделген. Онда журналист мәртебесін көтеру, мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін реформалау, телерадио хабарларын таратуды дамытуға жол ашады. Онымен қоса, БАҚ өкілдерінің жұмысын ынталандырып, оңтайландыруға бағытталған.