Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң жобасы жөнінде

2023 жылғы 20 маусымында Аграрлық мәселелер комитетінің кезекті кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша жеті мәселе қаралды. Өз кезегінде депутат Данияр Алдабергенұлы «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша баяндама жасады.

«Бұл заң жобасы біздің ел мен Ресей арасында мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығын жүзеге асырады. Шартқа 2022 жылы 18 шілдеде Мәскеу қаласында қол қойылған. Ресей екі жақты келісімнің 3 бабына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс білдірген. Ол мұнай және мұнай өнімдерін  есепке алу мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілгендей жағдайда Ресейде кедендік декларациялауға жататыны жөнінде. Қазақстан Республикасы үшін бұл толықтырудың теріс салдары болмайды. Екі жақты Келісім Еуро Азия Экономикалық Одақта ратификацияланған» - дей отырып Мәжілістің бас комитетіне жолданатын қорытындыны қолдауды сұранды.