Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң жобасының тұсау кесері

Бүгін Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиевтің жетекшілігімен «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының  таныстырымы өтті.

Министрліктің айтуынша 2024 жылға 20,4 трлн теңге түсімдер болатыны болжанып отыр. Ол қаражат әлеуметтік маңызды және стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға, яғни автомобиль жолдарын, жылу, газ және сумен жабдықтау желілерін, инженерлік желілерді жаңғыртуға бағытталатын болады.

2024 жылғы бюджет шығыстары 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 трлн. теңгеге ұлғайып, шамамен 24 трлн. теңгені құрайды. Оның 40 пайыздан астамы әлеуметтік салаға тиесілі. 2024 жылға әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 5,3 трлн теңге, халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру үшін 2024 жылы 3,5 трлн. теңге көзделген.