Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Лудомания - қоғам дерті

        Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс. Барлық қаржы қозғалысын қадағалап, заңға қайшы әрекет анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау маңызды», - деп атап кетті.  Соңғы екі жылда құмар ойындар нарығы жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, жылдың бірінші тоқсанында осы саладағы халықтың шығындары 100 млрд. теңгеден асыпты. Осы мәселенің қоғамға тигізер зиянын ескере отырып ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде «AMANAT» партиясының орталық аппаратында заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл және қазақстандық жастар арасындағы лудомания проблемасы. тақырыбында Жастарды қолдау жөніндегі Республикалық кеңестің отырысы өтті.       Мәжіліс депутаты, әрі кеңестің төрағасы Нартай Сәрсенғалиевтың төрағалық етуімен өткен кеңес отырысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР ҰҚК, Бас Прокуратура мен  министрліктердің өкілдері, «AMANAT» партиясының мүшелері қатысты.