26.09.2023. Бүгін «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы комитеттің отырысында талқыладық. Бұл Келісім 2022 жылдың 15 желтоқсанында Астана қаласында жасалып, Эстония тарапынан ратификацияланған. Заңнаманы бұза отырып, осы екі мемлекеттің аумағына жүрген адамдарды беру және транзиттеу мәселесін шешу үшін, аталған келісімді ратификациялау бізге өте қажет. Бұл заң қабылданған жағдайда Қазақстан мен Эстонияның құзыретті органдарының арасындағы ынтымақтастық үшін құқықтық негіз құруға мүмкіндік туады.