Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Комитеттің тақырыптық отырысы

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде «Ауыл халқының тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша «Отбасы банк» қызметі туралы» Аграрлық комитеттің тақырыптық отырысы болды.

Отырысқа дпуттар және өнеркәсіп, құрылыс, қаржы, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрліктерінің, сондай-ақ «Отбасы банк», Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері қатысты.

Мұнда моноқалаларда, аудандарда және ауылдық жерлерде үйлер мен шағын пәтерлі тұрғын үйлер құрылысын несиелеу жөніндегі бағдарламаның тұжырымдамасы ұсынылды және «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы талқыланды. Отырыс нәтижесінде депутаттар уәкілетті органдарға ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысына кредит беру бағдарламасын жетілдіру жөнінде тиісті ұсынымдар жіберетін болып шешті.