Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Комитеттің тақырыптық отырысы

28.09.2023. Мемлекет басшысының отандық техника өндірушілер мен шаруалардың сұранысын ескере отырып, машина-трактор паркін жылына 8-10 пайызға дейін жаңарту туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында бүгін «Машина-трактор паркін жаңғырту және жаңарту туралы» тақырыптық отырыс өтті. Отырысқа депутаттар, ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері, «ҚазАгроҚаржы», «Жасыл Даму», «Атамекен» және ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің өкілдері қатысты. Жиында ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жай-күйі мен оны жаңғырту қарқыны, техниканы алуыдың қолжетімділігі мәселелері қаралды. Қорытындылай келе депутаттар машина-трактор паркін жаңғырту және жаңарту мәселелері комитетінің тұрақты бақылауында болатыны және  ол бойынша тиісті ұсынымдар жолданатына айтылды.