Бүгін «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Отырысқа жұмысшы тобының мүшесі болған депутаттар мен ҚР ІІМ және ҚР Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері қатысты.
ІІМ Көші қон қызметі комитеті Сыртқы көші қон басқармасының басшысы Асқар Аманкелдіұлы Алдоңғаров, Келісім бойынша Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары тараптардың аумақтарында құзыретті органдарда 30 тәулік ішінде міндетті түрде уақытша есепке тұрмай болуының оңай тәртібі көзделгенін айтты. Онымен қоса, жоба қолдау тапқан жағдайда екі елдің аумағына азаматтардың келіп кетуіне қолайлы болатынын баяндады. Депутаттар министрлік өкілдерін сұрақ астына алып, тұшымды жауаптар естіді. Заң жобасы бойынша ұсынылған редакциялық түзету жұмысшы тобының мүшлерімен бір ауыздан қолдау тапты.