Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Комитет отырысы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша бүгінгі комитеттің отырысында депутат Данияр Алдабергенұлы комитет мүшелерінің алдында баяндама жасады. «Халықаралык азаматтық авиация ұйымының стандарттарына сәйкес апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару үшін мемлекеттердің іздестіру-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастық үшін бұл заң жобасы өте қажет. Тараптар  болған оқиға туралы бірін біріне хабардар ету, тірі қалғандарды іздестіру мен құтқару, қайтыс болғандарды табу, екінші тарапқа хабар беру және апатқа байланысты тағы басқа да іс шараларды атқаруда бір біріне көмек көрсетеді. Іс шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Азаматтық және мемлекеттік авиация, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдар бұл келісімді іске асырушы болып табылады» - деді депутат. Одан кейін, сөз кезегін Азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Жарылғасов Сәрсен Бегежанұлы алып, жоба бойынша  толық түсіндірме жасады. Баяндамашыға қосымша, жиынға қатысқан "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ аэронавигация департаментінің директоры Олег Алексеевич Авдеев депутаттарды толғандыратын сұрақтардың барлығына жақсы жауаптарын беріп. Комитет бір ауыздан қорытындыны қолдады.