Бүгінгі комитет отырысында депутат Қасқарауов Данияр Алдабергенұлы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешеннің қызметін құру және реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша баяндама жасады.
Келісім - индустриялық сауда-логистикалық кешеннің мақсаттарын, мәртебесін және міндеттерін анықтайды. Оны ратификациялау Қазақстан мен Қырғыз Республикасының өндірісі мен кәсіпкерлерін қолдау мен дамытуға, Отандық өнімдерді экспортқа шығару жолдарын кеңейтуге көмегін береді және өзара тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін арттыруға ықпал етеді
ИСЛК шекара сызығының екі жағында, біз жақтан Жамбыл облысы аумағындағы «Қарасу» автожолы мен Қырғыз жағынан «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттерінің жанында орналасады. Жоба «Joint Technologies» Жауапкерлігі шектеулі серіктестігі салады. Мемлекет бюджетінен қаражат жұмсалмайды. ИСЛК-ны іске қосу 2026 жылдың 2-тоқсанына жоспарланған.