14.11.2023. Аграрлық мәселелер комитетінің бүгінгі отырысында күн тәртібі бойынша сегіз мәселе қаралды. Оның бірі, комитетке түскен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы. Ұсыныс бойынша аталған заң жобасына депутат Қасқарауов Данияр Алдабергенұлы жұмыс тобының мүшесі болып кірді. Заң жобасы спорттық бағыттағы жылқы шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету, спорттық бағыттағы жылқы тұқымын сақтау мен өсуі үшін жағдай жасау және ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталға. Еліміз үшін өте қажетті заң. Алдағы уақытта жұмыс тобы құрылып, жұмыс жасайтын болады.