Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Комитет отырысы

Бүгінгі комиттің отырысында қаралған мәселелердің бірі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы болды.

Заң жобасының мақсаты - Қазақстан Республикасының аумағында, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, ірі жобаларды әзірлеу мен іске асыру, жаһандық жылынуға қарсы күрестегі ынтымақтаспен жүзеге асыру болып табылады. Бұл Келісімнің шеңберінде Жамбыл облысының Мирный кентінің жанында жалпы қуаты 1 Гига Ватты қуаты бар жел энергиясын пайланатын электр станциясын салу жоспарлануда. Екі елдің инвесторлары қосылып салатын жоба іске асатын болса, жыл сайын көмірқышқыл газының кем дегенде 2 млн.тоннаға қысқаруына мүмкіндік болады. Шамамен 250 адам тұрақты, 2500 адамға уақытша жұмыс орнымен қамтылады. Жылына 3 мың 600 млрд. кВтсағ. жасыл энергия өндіріледі.

«Жаһандық жылыну дүние жүзінің басты мәселесіне айналып отырған тұсында, жаңартылған энергия көздерін қолдансақ, жаһандық жылынуға қарсы күреске бірден бір үлесімізді қосқан болар едік. Бұл өте қажетті заң жобасы» деді депутат Д. Қасқарауов.