Бүгін Аграрлық мәселелер комитетінің отырысында, басқа комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлу барысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы бойынша депутат Данияр Қасқарауов жұмыс тобының мүшесі болды. Бұл Келісім Қазақстан мен Түркия арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға оң серпін береді.