Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жұмыс отырысы

Бүгін Мәжілісте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Серікбайқызы  Есмағамбетованың қатысуымен Қазақстан Республикасында вакцина мен екпелерінің тиімділігі және қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында балаларға қолданылатын вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәселелер жайында айтылды. Вакцинация – ата-аналар үшін балаларын жұқпалы аурулардың ауыр зардаптарынан қорғаудың жалғыз, ең тиімді және баламасы жоқ әдіс екені белгілі. Десе де, ол көпшілік пен бұқаралық ақпарат құралдарын жиі алаңдатады.

Вице-министр вакцинацияның басты мақсаты туралы – тиімді вакциналар арқылы халықты аурулардан қорғау туралы айтып берді. Денсаулық жағдайына байланысты егуге болмайтын халықтың неғұрлым осал топтары туралы, сондай-ақ жасы бойынша вакцинация алған кезде балалар ерекше қорғауда боалтындығы жөнінде және басқа да ақпараттармен таныстырды.