Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң жобасының таныстырылымы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының таныстырылымы өтті. Бұл Парламент депутаттарының бастамасымен жарыққа шыққалы отырған заң жобасының мақсаты - спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын дамыту болып табылады.

Заң жобасы спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымының асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымының асыл тұқымды басын ұстап-бағуға жұмсалатын шығыстарды субсидиялау жөніндегі шығындарды өтеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта осы Заң жобасы бойынша жұмыс тобы құрылды, барлық көтерілген мәселелер жұмыс тобының шеңберінде талқыланатын болады.