Комитеттің кезекті отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша баяндама жасадым. Заң жобасын қабылдаудағы мақсатымыз Қазақстан мен Түркия арасындағы қолданыстағы автожол жүйесіне қосымша қазіргі заманғы теміржол және су көлігі жүйелерін дамыту. Яғни сауда-экономикалық ынтымақтастықтың белсенді дамуына ықпал ету. Сонымен қатар, аралас тасымалдау жүйесін жеңілдету үшін мүмкіндік беру болып табылады. Жиынға заң жобасын әзірлеуші көлік министрлігінің құзыретті өкілдері де қатысты. Аталған заң жобасы еліміздің тасымал жүйесін жандандыруға көп ықпалын тигізетіндіктен комитет мүшелері бір ауыздан қолдап, қорытынды бас комитетке жолданды.