Комитеттің отырысында депутат Д.Қасқарауовқа «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт,сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы жүктеген болатын. Бүгін осы заңды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгуль Бахытжанқызы және басқа да мамандарымен қосылып талқылады. Аталған заң жобасының аясында жұмыс тобының барысында халық денсаулығы, дене шынықтыру және спорт, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, туристік қызмет, ойын бизнесі, лотереялар туралы заңдарына өзгерістер енгізілетін болады.