Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Комитет отырысы

Бүгін комитеттің отырысында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістерді қамтитын екі заң жобасын талқыладық. Бұл заң жобасы арқылы Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Әкімшілік құқық бұзушылық және Еңбек Кодекстері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, дербес деректер, мемлекеттік қызмет туралы және тағы басқа да заңдарға өзгерістер енгізілетін болады. Жобаны талқылау барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  басшылары қатысты. Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Серікұлы Сарқұлов заң жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталғаны жөнінде баяндама жасады. Негізгі түзетулердің бірі ол - сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу, пара беру немесе оны ұсыну үшін қылмыстық жауапкершілік, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымның қызметкерінің заңсыз сыйақы алуына байланысты қылмыстарды анықтау жөніндегі жұмысты жетілдіру, заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін жауапкершілігін күшейту сияқты түзетулер бар. Бұл өзгерістердің барлығы алдағы уақытта жұмыс тобының отырысында түбегейлі талқыланатын болады. Комитет отырысы өте тартысты өтіп, көкейімізде жүрген сұрақтарға жауап алдық.