Бүгін депутат Данияр Қасқарауов «Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне (Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР заң жобасы бойынша жұмыс тобының жиынын жүргізді.
Бұл Келісім теңіздегі балық аулауды және онымен байланысты теңіз қызметін қамтитын алғашқы көпжақты сауда Келісімі болып табылады. Келісімде заңсыз, хабарландырылмайтын, реттелмейтін балық аулауды, сондай-ақ балықты мөлшерден тыс аулауға субсидиялар беруге тыйым салатын ережелерді қамтиды. Осы Келісімді қабылдау Дүниежүзілік Сауда Ұйымының барлық мүшелері үшін міндетті болып табылады. Келісім күшіне енуі үшін оны Дүниежүзілік Сауда Ұйымының 2/3 мүшесі, яғни 110-дан астам ел ратификациялауы қажет. Бүгінгі күні келісімді 166 елдің 75-і ратификациялады, 34-і осы Келісімді ратификациялау рәсімін жүргізуде.
Жұмыс тобының отырысы барысында, мемлекеттік тілдегі мәтінге, заң техникасына қатысты ұсыныстар болып, жұмысшы тобының мүшелері өзгерістерді бір ауыздан қолдады. Ертең бұл мәселе, Аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында қаралатын болады.