«Қазақстан-Марокко» парламентаралық ынтымақтастық тобының шеңберінде Марокко Корольдігі Өкілдер палатасының ынтымақтастық топ жетекшісі Абделқадер Тахар мырзамен онлаин кездесу болды. Қазіргі таңда Марокко Қазақстанның Африкадағы ең басты сауда әріптесі. Кездесу барысында, бірнеше өзекті мәселелер көтерілді. Бұл - сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандардыру үшін, Қазақстан-Марокко бірлескен үкіметаралық комиссиясын құру, екі ел арасында визалық талаптардан босату арқылы туризмді дамыту, Марокко ірі компанияларын бізге бизнес миссиямен келуіне ұсыныс жасап, Касабланка-Алматы арасында тікелей әуе рейсін ашу барысында жұмыс жасау қажеттіктері айтылды. Екі жақты кездесу ынтымақты қарым қатынаста өте жақсы өтті.