2023 жылғы 5 сәуірде жарияланған
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Р. В. Склярға
Депутаттық сауал Құрметті Роман Васильевич!
Заң бойынша жеке тұрғын үй құрылысына 10 соток жердің тегін берілуі: миф пе, не шындық па? Бұл сұрақты әрбір қазақстандық азамат қояды. Мұның бәрі жер қатынастары саласындағы тиімсіз саясаттың, авантюристер мен популистердің және жер қатынастары саласындағы жағдайды осындай күйге жеткізген сыбайлас жемқорлардың арқасында болып отыр.
Жеке тұрғын үй құрылысына берілетін 10 соток жер мәселе осыны растап отыр! Бүкіл ел бойынша кезекте тұрғандардың тізімінде 3 миллионнан астам адам тұрады және бүкіл ел бойынша кезекте тұрғандар саны әлі де көбейетін болады. Проблемаға мән бермеу және оны жылдар бойы шешпеу оңай нәрсе, аз да болса, алға қадамдар жасау қиынырақ, осылайша адамдардың сенімін, шенеуніктердің жер реформасына деген осындай көзқарасы бұзған халықтың сенімін біртіндеп қалпына келтіру керек.
Біз жағдайдан шығуымыз керек, халық бізге қарап отыр, халық нақты реформалар, өзгерістер мен қайта құрулар болғанын қалайды.
Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармағына сәйкес, берілетін 10 соток жер арнайы есепке алу (кезек) арқылы беріледі және алаңдардың сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілуіне қарай қанағаттандырылады.
Осыған байланысты, Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде, жер құқығы саласындағы сарапшы және "Жер аманаты" Республикалық жер комиссиясы басшысының орынбасары ретінде:
Біріншіден, біз ЖТҚ жоспарланатын аумақта су және электрмен жабдықтау желілерінің құрылысын қаржыландыруға балама енгізуіміз керек және мұны бюджеттен тыс қорлар есебінен, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске қосу жолымен жасауды ұсынамын. Ал ынталандыру үшін инвесторларға электр энергиясын беру және тарифтерін реттеу құқығын беру мүмкіндігін көздеу қажет.
ЖТҚ-ны қаржыландыру мен салудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу перспективаларын пысықтауды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігі, Үкіметтің немесе Ұлттық Банктің арнайы борыштық міндеттемелерін шығару шарттарында сумен және электрмен жабдықтау желілерін қаржыландыру және салу үшін екінші деңгейдегі коммерциялық банктерді және құрылыс салушыларды тартуды ұсынамын.
Екіншіден, біз қаржылық себептерге байланысты жерді уақтылы игере алмайтын және тұрғын үй іргетасын салу фактісі болған кезде жалдау шартын ұзартудың заңды мүмкіндігімен 3 жылдан 5 жылға дейін жеке тұрғын үй учаскесін игеру мерзімін ұзарта алмайтын қарапайым азаматтарды қолдауымыз керек.
Үшіншіден, біз әкімдіктерді бекітілген Бас жоспарлар мен Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына тиісті түзетулермен ЖТҚ үшін елді мекеннің бос аумақтарын резервке қоюды және оған немқұрайлы қарағаны үшін заңды жауаптылықты қатаңдатуды заңнамалық тұрғыдан міндеттеуіміз керек.
Төртіншіден, ауылдық елді мекендерде өтеусіз негізде жеке қосалқы шаруашылыққа жер учаскелерін беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін ауылдық елді мекендерде өтеусіз негізде ЖҚШ (үй-жай учаскелері) жүргізу үшін жер учаскелерін беру кезектілігін (арнайы есепке алуды) енгізуді және кезексіз ЖҚШ жер учаскесін беруге тыйым салуды белгілеуді ұсынамыз.
Бесіншіден, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертудің қолжетімді мүмкіндігі бар жеке тұрғын үй құрылысы үшін дайындалған және құрылыс параметрлері бойынша тиісті бау-бақша және саяжай кооперативтерін аудандарға ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қалалардың Бас жоспарларын түзетіп, бюджеттік қаржыландыра отырып кезең-кезеңмен іс-шаралар әзірлеу.
Алтыншыдан, төмен пайыздық мөлшерлемемен, кредитті икемді өтеудің 10 жылдық мерзімімен және кредит шартын ұзарту мүмкіндігімен жеке тұрғын үй салу үшін екінші деңгейдегі банктерде әлеуметтік бағдарланған кредит бағдарламасын әзірлеуді ұсынамын. Осы мақсаттар үшін арнайы кредиттік қаржы институтын құрудың маңыздылығын жоққа шығармаймыз.
Жетінші, Бас Прокуратура ЖТҚ-ға жер учаскесін алу кезегін жүргізу бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің тізімінен Алматы, Шымкент және Астана қалалары алып тасталған қисынсыз жағдайдың мән-жайын анықтауға тиіс. Прокурорлар мен Жер ресурстарын басқару комитетінен осы қалаларда ЖТҚ-ға жер учаскелерін әр түрлі сылтаулармен кезексіз берудің көптеген фактілерін түсіндірулерін талап етеміз.
Құрметпен, депутаттар Б. Базарбек Д. Қасқарауов