2023 жылғы 20 сәуірде жарияланған
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаевқа
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Е.Ш. Қарашөкеевке
Депутаттық сауал
Құрметті Ерұлан Кенжебекұлы!
Құрметті Ербол Шырақпайұлы!
Агроөнеркәсіптік кешен саласына мемлекеттік қолдау шаралары әсерінен еліміздің мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында оң даму серпіні байқалады. Саланы одан әрі дамыту үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жиі көтеретін мәселенің бірі несиелер мен лизингтердің пайыздық мөлшерлемесінің жоғары болуына назар аударуымыз қажет. Айта кету керек, бүгінде несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 17% - дан 24% - ға дейін өсті, оның 6% - ын шаруашылықтар төлейді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ағымдағы жылдың 19 сәуірде өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінетін бюджет қаражатына субсидия алам деушілердің 10 пайызы ғана қол жеткізгенін, субсидия беру жүйесі өте күрделі және қажетті мәлімет көпшілікке қолжетімді еместігін, субсидия бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл мәселені шеше алмай тұрғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы құрылымдары несиелер мен лизингтер бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау кезінде белгілі бір қиындықтарға тап болып отыр, себебі бюджет қаражатының болмауы немесе тапшылығы мүмкін болғандықтан, субсидияларды уақытылы төлеу мүмкіндігі бола бермейді. Осының салдарынан шаруашылықтар несиелер бойынша сыйақыны өз айналым қаражатынан толық көлемде төлеуге мәжбүр.
Төлемдер бойынша міндеттемелерді кешіктірген жағдайда кәсіпкерлер жосықсыз клиенттер тізімінде көрсетіледі және субсидиядан толығымен айырылады.
Жоғарыда аталған мәселелер шаруашылық субъектілері тарапынан міндеттемелерінің мерзімінің өтуіне және мемлекетке қатысты шағымдарға алып келеді.
2023 жылдың 3-сәуірдегі Ақтөбеде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің санкцияланған митингіде басты талаптардың бірі болып аталған мәселе көтерілді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының ұсыныстарын ескере келе, соңғы қарыз алушыға тек 6% мөлшерінде сыйақы төлеуді ұсына отырып, несиелер мен лизингтер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау үшін қаржы институттарына субсидияланатын қаражатты тікелей аудару мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймыз. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловтың Ақтөбе облысына 2022 жылғы 13-14 мамырдағы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмаға енгізілді, алайда осы кезге дейін ашық күйінде қалып отыр. Бұл мәселені шешу ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсуіне оң әсер етеді және ауыл шаруашылығы құрылымдарының қаржылық жағдайын жақсартады.
Депутаттық сауалға алынған шаралар бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазбаша түрде беруіңізді сұраймыз.
Құрметпен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері
Қ. Әлішев
П. Казанцев
Ғ. Елеуов
Е. Мәмбетов
Н. Әшімбетов
А. Әлтай
«Ауыл» партиясы фракциясының мүшелері
С. Егізбаев
Ж. Дайрабаев
«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі
А. Садықов
«Respublica» партиясы фракциясының мүшесі
А. Қожаназаров
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының мүшесі
И. Сұңқар
Бір мандатты округтен сайланған депутаттар
Д. Қасқарауов
А.Т. Құспан