2023 ж. 15 мамырда жарияланды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары А.С. Көлгіновке
Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Алтай Сейдірұлы!
Құрметті Ерболат Асқарбекұлы!
Қазақ халқы үшін айтыс өнерінің орны әрқашан да ерекше болған еді. «Сөз қадірім - өз қадірім» - деп түсінген дана халықымыз айтысты тек қана өнер емес, бір рулы елдің, бір аймақтың, қалаберді біртұтас мемлекеттің мүддесін қорғайтын пікір - талас алаңы деп таныған.
Еліміз тәуелсіздік алғалы айтыс өнері ары тұра мемлекеттік қаржысынан ұйымдастырылатын айтыстар болмаса, мемлекеттен мардымды қолдау көрді деп айта алмаймыз. Уақыттың сынақтарына қарамастан айтыс өнері бүгінгі күнімізге, қазақ халқының махаббатымен демеуінің арқасында Жүрсін Ерманның еңбегі жоғалып кетпей жетті. Жетіп қана қоймай, 2012 жылдың 1-тамызында «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған еді.
Қазіргі таңда, Одақ мүшелігінде 250-ге тарта айтыскерлер мен жыршы, термешілер бар. Одақ құрылғаннан бері 110 халықаралық және республикалық, 100 ден астам облыстық пен аудандық айтыс өткізілді. 5 рет Республикалық жыршы-термешілер байқауын жеке кәсіпкерлердің көмегімен ұйымдастырған болатын.
Алайда, мұндай зор іс-шараларды жүзеге асырып отырған Одақтың әлі күнге дейін бір тұрақты ғимаратының жоқтығы өкінішті-ақ. Мемлекет тарапынан айтысқа бөлінетін қаржы да Одаққа белгісіз себептермен толық жетпейді.
Құрметті Алтай Сейдірұлы және Ерболат Асқарбекұлы! жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сіздерден:
1. Алматы қаласынан Қазақстанның айтыс ақындары мен жыршы – термешілер одағының атына тұрақты мекенжайы болып бекітілетін, ғимаратпен қамтамасыз етуді қарастыруларыңызды;
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі тарапынан жүйелі тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуді қарастыруларыңызды сұраймыз.
Баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес, депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімдерде жазбаша түрде жауап берулеріңізді сұраймыз.
Құрметпен, Парламент Мәжілісі депутаттары Р. Заитов Ж. Әшімжанов А. Әлтай Е. Бапи Д. Қасқарауов Н. Сәрсенғалиев К. Сейтжан Ж. Сүлейменова М. Толықбаев Н. Тау