Астана, 4 сәуір, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліс комитетінің Аграрлық мәселелер жөніндегі отырысында Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевтің Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалуға кандидатурасы келісілді. Мәселені мәжілісмендер "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы"Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 22-1-бабына сәйкес қарады. Отырыс қорытындысы бойынша Комитеттің Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевтің Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалу үшін енгізілген кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі туралы қорытындысы қабылданды.