Ходжаназаров
Айдарбек
Асанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Астана күні

Кеше елордамыз Астананың 25 жылдығына орай Respublica Partiyasy Сарыарқа, Алматы және Есіл аудандарында асық алаңдарын ресми түрде ашып, қала тұрғындары мен қонақтарының игіліне ұсынды. Саланатты рәсімге өзім қатысып, асық алаңдарының тұсауын кесіп, жиылған қауымның ұлттық ойынға деген құлшынысын көріп қайттым.

Атап айтқанда асық алаңдары – Сарыарқа ауданына қарасты «Гүлдер» саябағында, Алматы ауданындағы «Студенттік саябақта» және Есіл ауданындағы «ЭКСПО» аумағындағы «Тәуелсіздік» монументі алаңында ашылды. Алдағы жоспарымыз асық алаңдарын елорданың басқа аудандарында және еліміздің өзге өңірлерінде ашу.

Бұл алаңдардың ерекшелігі – кез-келген адам асық түрлері және ойын ережелері туралы ақпаратты арнайы енгізілген QR-код арқылы біле алады. Заманауи үлгіде асық арнайы 3 D принтерден шығарылып, әзірленген.

Осы бастамаға қолдау білдіріп, серіктестік танытқан Астана қалалық және Сарыарқа ауданы әкімдігіне, «Асық ойыны» федерациясына зор алғысымызды білдіреміз! Біз алдағы уақытта да бірлесіп, осы бағытта жұмыс жасайтынымызға сенімдімін.

Партиямыздың сайлауалды бағдарламасының бір бағыты – ұлттық спортты жаңғырту, оған жастарды көптеп баулу, қазақтың тарихи-мәдени мұраларын сақтау және дәріптеу, қоғамдық сананы жаңғыртуға атсалысу.

Бабаларымыздан қалған асыл мұра – асық ойынын жаңғыртып, өскелең ұрпағымызды ұлттық нақышта, отансүйгіштік рухта тәрбиелейік.