Ходжаназаров
Айдарбек
Асанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел отырысы

2023 жалғы 6 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені қауымдастықтарының Альянсы ұйымдастырған Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Дөңгелек үстел барысында саланың жүйелі мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік қолдау шараларының тұрақтылығы мәселелері, бірыңғай аграрлық салықты енгізу, ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымын жою және т.б. сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өкілдері тыйым салулар мен квоталарды енгізу сияқты реттеудің нарықтық емес әдістерінен бас тарту қажеттілігі туралы пікір білдірді, өйткені бұл саланың инвестициялық тартымдылығына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, бірқатар заңнамалық бастамалар атап өтілді: аграрлық кодексті және АӨК дамыту бойынша баламалы жобаны әзірлеу, "Астық туралы" заңды жаңа редакцияда қабылдау.

Нәтижесінде, кездесу нәтижелері бойынша Тараптар проблемалық мәселелерді шешу кезінде депутаттық корпус пен сала өкілдерінің тұрақты негізде тығыз ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.