Ходжаназаров
Айдарбек
Асанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жетісу облысының халқымен кездесу

Өңірлердің ауыл шаруашылық әлеуеті мен әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеу мақсатында кезекті жұмыс сапары барысында Жетісу облысына барып қайттым. Respublica партиясының Жетісу облысының штабы

"Атамекен" ӨКП базасында жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелерін тыңдадым.

Сондай-ақ, Ескелді ауданындағы "Хильниченко" шаруа қожалығына барып, барлық жүйелі мәселелерін  назарға алдым. Шаруа қожалығы сүтті ірі-қара мал, қой, жылқы өсірумен, астық және майлы дақылдарды өңдеумен айналысады. Қызылша өсіру бағыты бойынша қаржыландыруға келіп тірелген мәселелерін назарға алдым.

Бұдан кейін "Alacem" кәсіпорнының жүк тасымалдау көлігінің жүргізушілерімен кездестім, қызметкерлер төлемақының кешігуі мәселесін көтеріп, шағымданды.

Жетісу өңірі шаруалары мен тұрғындарының арыз-шағымдары өзге өңірлерден түскен өтініштермен қатар, Respublica Partiyasy-ның Ақмола облысында өткен кезектен тыс съезінде қарастырылды.

Естеріңізге сала кетейін, біз азаматтардың барлық өтініштерін Парламент қабырғасында көтеру үшін жұмысқа алдық.

Ал, алдағы 4-5 тамыз аралығында Батыс-Қазақстан өңіріне кезекті іс-сапармен барамын. Оралдықтар, көкейкесті сұрақтарыңыз болса, пікір қалдырыңыздар.