Жұмыс сапарымен қазір Жетісу облысында Lepsi 2023 Халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысып жүрмін. Көрме жыл сайын маусым айының ортасында өтетін малшылар күніне орайластырылған.
Сапар барысында бірқатар салалық сарапшылармен, практиктермен кездестім, біздің бастамаларымызбен бөлісіп, саланы дамыту бойынша ұсыныстар мен тілектерді тыңдадым.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
1. АӨК өнімдерін өткізу, Агробизнес рентабельділігі. Естеріңізге сала кетейін, қазақстандық фермерлерге үш жыл ішінде енгізілген тыйым салулар мен квоталардан келтірілген залал (үш жыл ішінде елде сегіз тыйым, бес квота және екі экспорттық баж салығы шығарылды) 1 трлн теңгеден асты.
2. Ауыл шаруашылығын қаржыландыруды ұлғайту, оның ішінде заңнамалық деңгейде пысықталатын аграрлық қолхаттар бойынша ұсыныс.
Көрме алаңында партия атынан облыстық және аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп халықпен, жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарымен кездесу өткізілді. Мұны Respublica партиясының киіз үйінде ұйымдастырдық.
Бүгін ірі қара мал арасында өтетін байқауды көреміз оған бірқатар тұқымдар қатысады. Жалпы, барлық шектеулер мен қиындықтарға қарамастан, Отанды мал шаруашылығы дамып келе жатқаны қуантады.
Барлық малшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!