28-30 шілдеде Ақмола облысында Respublica партиясының көшпелі кезектен тыс III съезі өтіп жатыр. Съезге еліміздің барлық аймақтарынан 165 делегат қатысуда. Олардың қатарында партияның тең төрағалары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, филиал басшылары, орталық аппарат қызметкерлері, партия қозғалысының белсенділері бар.
Делегаттардың кездесуі Бурабай көлінің жағасындағы әсем жерде өтуде.
Сондай-ақ съездің бірінші күні партияның Орталық кеңесінің отырысы өтті. Сондай-ақ, «Саяси коммуникациялар» семинар-тренингіне арналды. Тренерлер – журналист Назым Жанғазинова және саясаттанушы Ғазиз Әбішевпен қатысушылар қазіргі әлемде коммуникациялар қалай жұмыс істейтінін, қарым-қатынас процесіндегі мемлекеттік тілдің рөлін, саясаткерлер қоғамға қалай және қандай мән-мағынаны жеткізу керектігін талқылады.