Ходжаназаров
Айдарбек
Асанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Партия съезі. Екінші күн

Жиынға қатысушыларды партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясы депутаттарының атқарған жұмыстары туралы хабардар етеді. Естеріңізге сала кетейік, үш айдың ішінде Respublica-лықтар үш заң жобасына бастамашы болды, әртүрлі заңға 195 түзету енгізді, Мәжілістің пленарлық отырыстарында 34 рет сөз сөйледі, Парламентте сөз сөйлеген мемлекеттік органдардың өкілдеріне 11 сұрақ қойды, заң жобасын әзірлеу бойынша үш жұмыс тобын басқарады, өңірлерге 10 реттен астам жол жүрді. Жазғы демалыс кезеңінде депутаттар өңірлерге 28 рет шығып, сайлаушылармен кездесті, 300 астам өтініш пен ұсыныс жинады.

Партия тарапынан көтерілген сауалдардың басым бөлігі экономика мен әлеуметтік салаға қатысты. Мәжілісмендер ауыл мен қала тұрғындары арасындағы мүмкіндіктер айырмашылығын жою үшін (Айдарбек Қожаназаров), шағын бизнестің мүддесі үшін және букмекерлік кеңселер мен құмар ойындарының қызметін шектеу үшін (Руслан Берденов), синтетикалық есірткінің таралуына қарсы (Динара Шүкіжанова), вейптерді сатуға қарсы (Нұргүл Тау), жүргізуші куәлігін берудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы (Олжас Құспеков), онкологиялық науқастар мен инклюзивті қоғамның мүддесі үшін (Динара Наумова).

Фракция ауыл шаруашылығы саласына қатысты мәслелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынады: шетелдік астық пен сүт өнімдерін жеткізушілердің баға демпингі, өнім экспорты мен ауылшаруашылық техникасын лизингке беру мәселелері. Сондай-ақ білім беру саласына, атап айтқанда, қосымша білім беру саласындағы мұғалімдердің жалақысын көбейтіп, жағдайын жақсартуға көңіл бөлінуде. Respublica-лықтардың назарындағы тақырыптардың қатарында – электромобильдер үшін инфрақұрылым құру, автобус жүргізушілері үшін жағдайды жақсарту, самокаттар қозғалысын реттеу және басқа да өзекті мәселелер тұр.

Съезд барысында партияның орталық аппаратының жұмысы туралы ақпарат тыңдалды. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Орталық кеңестің жаңа құрамы бекітілді және басқа да ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, Съезд делегаттары «Respublica jastary» жастар бірлестігін құру туралы шешім қабылдады.