Құрметті отандастар, сүйінші!
11- 12 тамыз аралығында Башқортстан мемлекетінің Баймақ қаласында “Башқорт аттары” халықаралық фестивалінде Қостанай облысының “Олжа” құрама командасы 8 команда арасында жеңімпаз атанып 1 млн рубльды қанжығасына байлап оралды.
Ең алдымен құрама командамыз алаң иелерімінен күреске түсіп жеңіске жетті. Одан кейін Ақтөбе құрама командасымен күш сынасып, жеңімпаз атанды. Үшінші кезекте Татарстан шабандоздарын жайратып, 3 командалық ойында топ жарып, жеңімпаз атанды! Осылайша, ақтық ойынға Мәскеуге жолдама алды.
Бұл жетістігімен палуан жігіттерімізді шын жүректен құттықтаймын! Бұл соңғы жылдардағы Қостанай облысы Көкпар федерацияның ұлт спортын жаңғырту жолында атқарған табанды еңбегі деп білемін.
Біз командамызды одан әрі күшейтіп, ат спорты түрлерінен еліміздің көк байрағын әлем аренасында желбірететін боламыз. Бұл жеңіс бізге үлкен рух берді. Ойынға атсалысқан, барлық ат спортының жанашырларына, жас шабандоздарымызға ерекше алғысымды білдіремін! @kokpar_kostanay тек ғана алға!
Саналы ғұмырын ат үстінде өкізген ата-бабамыздың мұрасы кеңінен жаңғырып, жастарға үлгі-өнеге бола берсін!
Ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлі ат спортын жаңғыртуға Respublica Partiyasy да белсенді атсалысып, қомақты үлес қосып, қолдау білдіреді.
Алға, Қазақстан!